8 сыныпта- булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
12 мин
«ПАЗЛ» әдісі арқылы психрометрдің, гигрометрдің суретін беріп, оқушылар құрастырып, қандай құрал шыққанын айтады.
«7 W» тәсілі. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары арқылы бағыттаймын. Неліктен булану шәйнек қайнаған кезде шәйнектің шүмегінен шығады?(су қайнаған кезде үстіңгі жағынан булану қарқынды жүреді, шәйнек қақпағы жабық болғандықтан, бу шәйнектің шүмегінен шығады)
Неліктен қайнаған шәйнек суығаннан кейін, қақпағынан су тамшылары пайда болады?(су буының конденсациясының нәтижесі)
Неліктен бассенйннен шыққанда жаурайсың? (булану кезінде сұйық салқындайды, яғни судың ішкі энергиясы азайып, температурасы төмендейді)
Неліктен желді ауа райында жылдам кебеді?( себебі, сұйық бетінің үстіңде жел болса, ол ұшып шыққан молекулаларды ұшырып, булану жылдам жүреді)
Неліктен бұлт түзіледі? (теңіз, мұхит беттерінің көп су мөлшері буланып, су буы жылы ауамен бірге биікке көтерілгенде салқындау нәтижесінде бұлт түзіледі)
Неліктен аязды ауа райында терезе әйнегінде мұз өрнегі пайда болады?
Неліктен будың қысымы температураға тәуелді?
Мақсатым:оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру, тақырыпты ашу, күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.