Тапсырма-1. «Сәйкесін тап» әдісі арқылы оқушыларға кесте ұсынамын. Кесте жаңа тақырыпқа түйінді сөз және оның анықтамаларын бере отырып, оқушыларға сәйкестендіремін.
Мақсатым:Қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын түсіну
Бағалау тәсілі: «Көршіңді бағала» (көрсетілген дұрыс жауап арқылы бірін бірі бағалайды)
Тапсырма - 2. «БФЕ» «барлық факторларды ескеру» тәсілі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы, әр түрлі тәжірибе жасату. 1 топқа: Манометрге қосылған су, спирт және эфир құйылған үш бірдей жабық колбаларды беремін. Топ: қаныққан будың тығыздығы мен қысымы заттың тегіне тәуелді болатынын, болмайтынын анықтау қажет.
2топқа: оқушыларға конденсациялық гигрометр құралын ұсына отырып, эфир толтырылған ыдысқа ауаны груша арқылы үрлей отырып, эфирдың булануына қол жеткізуі керек.
3 топқа: психрометр құралын ұсына отырып, оқушыларға ыссы суда температура айырымы бойынша ауа ылғалдылығын табу қажет.