Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу 31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Мадақтау сөздерімен ынталандырады.
|
5-сынып оқулығы
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма:Негізгі зерттеу жүргізу кезеңдерін есіңе түсір. Оларды дұрыс ретпен орналастыр. Егер сен ұмытып қалсаң, оқулықта берілген сөздік тізбегі саған көмектеседі
2-Тапсырма: Зерттеу мәселесін тұжырымда. Сенің зерттеу жұмысыңның пәні мен нысаны не болатынын ойланып, дәптеріңе жаз.
Зерттеу пәні – бұл зерт теу мәселелерін шешу үшін қажетті нақты ерекшелік, факті, құбылыс, мәселені қарап талқылау мен зерделеу.
Зерттеу нысаны – бұл зерттелетін нәрсе. Зерттеу нысандары адам, адамдар тобы, мекемелер, физикалық денелер, психикалық ерекшеліктер және т.б.болуы мүмкін
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Берілген тапсырманы
Орындайды
2. Зерттеу мәселесін тұжырымдайды.
3.Оны дәптеріне жазады
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді
|
3-Тапсырма: Өзіңнің зерттеу болжамыңды тұжырымдап, дәптеріңе жазып ал. Оны сыныптастарыңмен талқыла. Олардың болжамдарын тыңдап көр
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Берілген тапсырманыорындайды.
2.Сыныптастарының болжамдарын тыңдайды
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|