Сабақтың тақырыбы: Физика табиғат туралы ғылым Сабақтың номері: №1


-тапсырма .«Сәйкесін тап» ойыны арқылы сұралады



бет5/8
Дата04.05.2023
өлшемі1 Mb.
#89790
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
1-тапсырма .«Сәйкесін тап» ойыны арқылы сұралады



Дененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезіндесызық түрінде қалдырған ізі-

Санақ денесі д.а.

Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені

Қозғалыс троекториясы д.а.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен троекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген

Механикалық қозғалыс д.а.

Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді

Жол д.а

Дененің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда орнының өзгеруін

Орын ауыстыру д.а.

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені

Материялық нүкте д.а.

Дескрипторлар



Тапсырма№

Критерийдің сипаттамасы

Балл

Қайталау Тапсырма№1

«Сәйкесін тап»

3



Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырма№2
Есеп шығару
Тапсырма№3



Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, конспект толық жазылған

1



№1 есеп

1

№2 есеп

1

№3 есеп

1

№4 есеп

1

№5 есеп

1

№6 есеп

1

Барлығы:

10


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Механикалық қозғалыс




Педагогтің аты-жөні




Күні:



Сынып:7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу



Сабақтың номері:

№ 14

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Қозғалысқа сипаттама береді,орташа жылдамдық анықтамасына сәйкес формулалармен есептер шығара алады.
Басым бөлігі:
Қозғалысты салыстырады,қозғалыс жыдамдығымен орташа жылдамдығын есептеу өрнектерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
Қозғалыс жылдамдығы мен орташа жылдамдыққа күнделікті өмірден мысал келтіріп, оның есептелуін нақтылайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.


Өткен тақырыпты тексеру.
1- тапсырма «Сұрақтар сандығы»
Арқылы алдынғы сабақты сурау.
а)Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар дегеніміз не?
б)оны қай жерлерде қолданамыз?


-Жылдамдық ұғымын қалай түсінеміз?





Өз пікірлерін ұсынады, айтады Оқушылар өз ойларын айтады, осыдан үй тапсырмасы ашылады

Ұпай





Сабақтың ортасы


-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»

-Бүгінгі сабақты, «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу» тақырыбын меңгерген соң, формулаларды есептер шығаруда қолдана алатын боласыздар.
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 7 сынып Башарұлы Р. §10, 43 бет
2-тапсырма.Оқып, қысқаша конспект жазындар.



  • Бір өлшем уақытта жүрілген жолды жылдамдық деп атайды

  • Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың жылдамдығы мына формуламен анықталады


Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген жолын анықтауға болады

Сондай-ақ егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса, сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады.

Есепті шығар. (4 тапсырма)
Физика, 7 сынып Башарұлы Р. §10, 47-бет

Жаттығу 2.1(5-8)



Үйге тапсырма: (4 тапсырма
Физика, 7 сынып Башарұлы Р. §10, 47-бет,
Жаттығу 2.1(1-4)







Теориялық материалмен жұмыс

Оқушылар 2.1 жаттығу есептерін шығарады.


Ұпай

Ұпай

Оқулық, жұмыс дәптері


СЛАЙД

Оқулық, жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді




Стикер




Дескрипторлар



Тапсырма№

Критерийдің сипаттамасы

Балл

Қайталау
Тапсырма№1

Сұрақтарға жауап берілген

1



Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырма№2
Тапсырма№3




Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, жылдамдық және орташа жылдамдықтың анықтамасы мен олардың математикалық формуласы дұрыс жазылған



1



Есеп шығару: Жаттығу 2.1
5-есеп
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. SI жүйесіне дұрыс аударылған Формулалар дұрыс жазылған
Математикалық есептеулер дұрыс. Жауап дұрыс жазылған



2


6-есеп
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. SI жүйесіне дұрыс аударылған Формулалар дұрыс жазылған
Математикалық есептеулер дұрыс. Жауап дұрыс жазылған

2

7-есеп
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. SI жүйесіне дұрыс аударылған Формулалар дұрыс жазылған
Математикалық есептеулер дұрыс. Жауап дұрыс жазылған

2

8-есеп
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. SI жүйесіне дұрыс аударылған Формулалар дұрыс жазылған
Математикалық есептеулер дұрыс. Жауап дұрыс жазылған

2










Барлығы:

10



Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қайталау

Сабақтың номері:

№ 33

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
-оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету
Басым бөлігі:
-өз білімдерін топ алдында көрсетуге, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Кейбір оқушылар:
-өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.


Сәлеметсіздерме балалар! Біз бүгін өтілген тақырыптар бойынша қайталау сабағын өтеміз.












Сабақтың ортасы


-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Қайталау»

-Бүгінгі сабақта Гук заңын тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолданамыз.
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 7 сынып Башарұлы Р. §18,19 80-бет
Оқып, қысқаша конспект жазындар (1- тапсырма)

  • Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал:
|F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады 

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады 
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады. 
1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды. 
2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет