Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қою -Жергілікті жердің планы дегеніміз не?
-План мен аэросуреттің қандай айырмашылығы бар?
-Планның суреттен артықшылығы қандай?
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
; 1. Бірлесе отырып сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы топтар
Тақырыптың негізгі ұғымдарына анықтама беріңдер.
Картаны оқып үйренуде және онымен жұмыс істеу барысында қандай міндеттер шешіледі?
Жергіліктіжердіңгеографиялықнысандарынпайдалану
сұрақтарын талқылайды.
Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.[3]
Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;