Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары


Ортасы Тақырыпқа шығу



бет34/196
Дата14.09.2023
өлшемі32,62 Mb.
#107081
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат (4)

Ортасы

Тақырыпқа шығу.  Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушыларға таулар мен жазықтардың фотосуреттерін береді. Фотосуреттер арқылы не ойлайтындығы сұралады:

  1. Суреттерде не бейнеленген?

  2. Олардың басты ерекшеліктері қандай?

Фотосурет арқылы таулар мен жазықтардың айырмашылықтарын ажыратады. Жұппенен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

  • Жер қыртысымен жер бедері арасында байланыс бар ма? Егер болса ол қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топпен өз ойларын бөліседі. Мұғалім әртүрлі идеяларды қорындылап, жер бедерінің қалыптасу заңдылығын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға жер бедерінің қалыптасуы туралы ақпарат таратады (мәтін, сызба-нұсқа).


ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Топпен жұмысҚалыптастырушы жұмыс
Картамен жұмыс:
1- тапсырма: Тектоникалық карта мен физикалық картаны салыстырыңыз және жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтаңыз.
Мұғалім оқушыларға тапсырма орындау үшін атлас картаның тектоникалық және физикалық картасымен жұмыс жасауды ұсынады.
Оқушылар мәтін бойынша жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтайды, тектоникалық және физикалық картаға сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Тапсырманы қорғау
Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Жұппен жұмысҚалыптастырушы жұмыс
2- тапсырма: Материктер бойынша жер бедері түрлерін анықтаңыз.
а) Материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь аймақтарына сай жер бедері түрлерін анықтап жазыңыз

Мате
риктер

Жер бедері түрлері

Платфор
малар

Рифтер

Қалқандар

Геосинклиналь






Оқушылар жұппен материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита), геосинклиналь және оларға сай жер бедері түрлерін анықтайды.


б) Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) түрлерін анықтап жазыңыз.

Материктер

Жер бедері түрлері



Ойпат

Қырат

Үстірт

Таулы үстірт

Қатпарлы жақпарлы
таулар

Қатпарлы таулар








Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) және олардың түрлерін анықтайдыМұғалім оқушыларға атлас картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар тірек–сызба, картамен жұмыс жасау арқылы қолдану дағдысын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет