Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.4.1.2 -дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Дүние жүзі халқының діни құрамын анықтайды.
Оқушылардың көбі: Діндердің таралу аймақтарын анықтайды, картадан көрсетеді.
Кейбір оқушылар:Қазіргі замандағы діннің рөліне баға береді
Бағалау критерииі
Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
-Дүние жүзі халқының діни құрамы мен таралу аймақтарын анықтау, таралу аймақтарын картадан көрсете алса;
-Қазіргі замандағы діннің рөліне баға бере алса;
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу. Сыныпқа кіре бере оқушылар карточкалар таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ. Христиан
2-топ. Ислам
3-топ. Буддизм
4-топ. Ұлттық діндер
Үй тапсырмасын қайталау.
Қайталау сұрақтары:
1. Тіл дегеніміз не?
2. Қостілділік немесе блингвизмді қалай түсінесің?
3. Тіл-халықтың белгісі дегеніміз не?
4. Жер бетінде ең көп таралған тілдер.
5. Этнос-дегеніміз не?
6. Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшу сөз болуда, оған қалай қарайсыңдар?
Қортынды тірек сызбаны толықтыру..
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Оқушыларға «Әлемдік діндер» атты видеоролик ұсынылады.
Видео көрмес бұрын оқушыларға зерттеу сұрақтары қойылады:
Қай дін ең бірінші болып пайда болды?
Ең кең тараған дін қайсысы?
Барлық діннің ортақ ұстанымы қандай?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушыларға топтық жұмыс орындауды ұсынамын.
Тапсырма №1: топтық жұмыс.
Оқулық мәтінді пайдалана отырып, жоспарға сәйкес дүниежүзі діндерін сипаттаңыздар. /10 минут/.
1-топ. Христиан
2-топ. Ислам
3-топ. Буддизм
4 топ. Ұлттық діндер
Жоспар.
Сипаттама /өзіне ғана тән ерекшеліктерін, белгілерін сипаттай алады/.
Барлық постерлер тақтаға ілінеді.
Әр топ өз жұмыстарын 2 минут ішінде қорғаулары тиіс.
Топтар бір-бірін бағалайды. «Ғылыми. Түсінікті. Қызықты»
Сергіту сәті. Елдердің сәлемдесу салты:
Жапонияда иіліп сәлемдеседі.
Солтүстік Африка елдерінде адамдар қолдарын бірінші маңдайға, екінші ерінге, үшінші кеудесіне қояды. Бұл – өзімді ойлаймын, сен туралы айтамын, сені сыйлаймын дегенді білдіреді екен.
Тапсырма: 1.Сізге негізгі діндердің атаулары берілген.
Ислам
Шейіттер
Сүнниттер
Христиан
Православие
Католик
Протестант
Буддизм
а. Осы негізгі діндердің пайда болу себебін түсіндіріңіз.
b.Олардың бөліну себептерін көрсетіңіз.
2.Кескін картада таралу аймақтарын белгілеңіз.