Ірі елдер: Ауданы 1 млн шаршы шақырымға тең:СуданАлжир,Ливия, ауданы 500 мың шақырымнан астам елдерге: Франция, Испания жатады.
Сонымен қатар жері өте шағын елдер бар. Мысалы, Ватиканның ауданы-1 км2, ол Рим қаласының кішкене бөлігін қамтиды. Микромемлекеттер:
Андорра
Лихтенштейн
Монако
Сан-Марино
Ватикан
Сингапур
Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топтастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағығ архипелагтағы елдер болып бөлінеді. Дүние жұзінде теңізге тікелей шыға алмайтын 40-тан астам ел бар.
Материкішілік елдер-толықтай құрлықпен қоршалған немесе жағалау сызығы жабық теңіздер бойынша өтетін елдер. Мысалы: Қазақстан,Швейцария.
Аралдық елдер- жан-жағы сумен қоршалған құрлықта тұратын елдер.Мысалы: Мадагаскар,Индонезия
Мұхит жағалаулық елдер-мұхитпен еркін байланысып және мұхит суымен шайылып жатқан елдер.Мысалы:Канада,Россия, Панама.
Түбектік елдер-құрлықтың мұхитқа немесе теңізге сұғына еніп жатқан бөліктерінде орналасқан елдер. Мысалы:Испания,Италия,Индия.
Архипелагтық елдер- аралдар тобында орналасқан елдер.
Тапсырма 1.Топтық жұмыс:
Оқушылар материк ішілік, жағалаулық, түбектік, аралдық, архипелагтық және жер көлемі бойынша алып, ірі, орташа, шағын мемлекеттерді анықтайды, әрқайсысынан 5 елден табады.
Мұғалім жетелеу сұрақтары арқылы елдің географиялық орнын анықтаудың жоспарымен таныстырады
Тапсырма 2Оқушылар өздерінің таңдаған елдерін жоспар бойынша географиялық орнын сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: |