Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Сұр қоңыр топырақты зона Тапсырма №1 Оқулық пен атлас картаны пайдаланып таблицаны толтырыңыз:
-Қазақстанның топырақ картасынан оңтүстіктен солтүстікке қарай топырақ түрлерінің өзгеруін анықтаңыз?
-Жергілікті табиғат зонасында қандай топырақ түрлері қалыптасқан?
Қалыптастырушы бағалау
2. Қазақстандағы топырақ түрлерінің таралуын кескін картаға түсіріңіз.
1. Сіздің жергілікті жеріңізде топырақтың қандай типі таралған және оның шаруашылықтағы қызметі қандай?
.............................................................................................................................................................................................................................................................................................