Сабақтың тақырыбы Географияны зерттеу нысандары


Қара қоңыр топырақ зонасы



бет99/164
Дата24.01.2023
өлшемі24,14 Mb.
#62701
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164
Байланысты:
КМЖ 7 сынып

Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Сұр қоңыр топырақты зона
Тапсырма №1
Оқулық пен атлас картаны пайдаланып таблицаны толтырыңыз:
-Қазақстанның топырақ картасынан оңтүстіктен солтүстікке қарай топырақ түрлерінің өзгеруін анықтаңыз?
-Жергілікті табиғат зонасында қандай топырақ түрлері қалыптасқан?
Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критериі



Дескриптор

Қазақстандағы топырақтың түрлерін және таралуын анықтайды

  • Қазақстандағы топырақтың

түрлерін біледі;
Топырақтың таралу аймақтарын жаза алады

Тапсырма№2

  1. Сіздің жергілікті жеріңізде топырақтың қандай типі таралған және оның шаруашылықтағы қызметі қандай?

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критериі



Дескриптор

Топырақ ресурсына баға бере алады;

А)Жергілікті жердегі топырақтың типін біледі;
Б)Шаруашылықтағы қызметін жазады;
Д)Топырақтың таралуы бойынша кескін картаға түсіре алады;

Тапсырма№3
Параграфтың мәтінін қолданып,Қазақстанның топырақ жамылғысының түрлеріне диаграмма құрыңдар.
Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критериі



Дескриптор

Топырақ жамылығысының түрлерін анықтайды;

А) үш түрін жазады;
Б) диаграмма жасай алады;



Тапсырма.(қолдану)

2. Қазақстандағы топырақ түрлерінің таралуын кескін картаға түсіріңіз.


1. Сіздің жергілікті жеріңізде топырақтың қандай типі таралған және оның шаруашылықтағы қызметі қандай?
.............................................................................................................................................................................................................................................................................................





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет