Сабақтың тақырыбы Химиялық реакциялардың жіктелуі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/12
Дата27.11.2023
өлшемі1,98 Mb.
#129496
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин

Қышқылдар – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіне сутек катиондарын және қышқыл қалдығының анионын бөле жүретін электролиттер. Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар. А) Тұз және күкірт қышқылының диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. Б) Негіздердің диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. – аммоний гидроксиді, барий гидроксиді Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар. Зертханалық жұмыс. 1. Жұпта отырған оқушылар 1- оқушы 4 сынауыққа қышқыл, 2- оқушы 4 сынауыққа негіз құяды. 2. Екі оқушы да бірінші сынауыққа әмбебап индикатор қағазын салады. Не байқағанын жазады. 3. Екінші сынауықтарға фенолфталеин қосып не байқағанын жазыңдар 4. Үшінші сынауықтарға лакмус қосып, байқағаныны жазады. 5. Төртінші сынауыққа метилоранж қосып, не байқағаныны жазады. 6. Таза сынауыққа 1 мл сілті қосып, үстіне фенолфталеин қосыңдар. Үстіне аздап қышқыл қосыңдар. Не байқадыңдар. Қорытынды жасап, реакция теңдеуінің толық молекулалық, иондық теңдеулерін жазыңдар. 7. Бейтараптану реакциясы деген не?Анықтамасын қорытып жазыңдар. 8. Екі оқушы да келесі екі сынауыққа тұз ерітінділерін құяды да әмбебап индикаторы қағазымен сынап көреді Қышқылдар мен негіздедің табиғатын қайталау мақсатымен видео көрсету https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/ https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-2-5731/ Бейтараптану реакцияларын талдау рН нені көрсететінін түсіну үшін видео көрсету, талдау https://twig-bilim.kz/film/factpack-ph-scale-5735/ Тұздар гидролизі деп тұз бен судың әсерлесуінен әлсіз электролит иондары немесе молекулалары түзіле жүретін қайтымды алмасу реакцияларын айтады. Тақырыптан негізгіні бөліп алып талқылайды , гидролиз ортасы оны құрайтынұсыныңдар. тұз табиғатына тәуелді екендігіне көз жеткізеді . Гидролизге түсетін тұздарды анықтап , реакция теңдеулерін жазып үйренеді. ГИДРОЛИЗ латын тілінен аударғанда «гидро» - су , «лизис»- айырамын деген мағына білдіреді. Гидролизге үш түрлі тұздар түседі : 1. күшті негіз және әлсіз қышқылдан құралған тұз 2. әлсіз негіз және күшті қышқылдан құралған 3.әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан құралған тұз Ерігіштік кестесінен әлсіз негіздер мен әлсіз қышқылдарды белгілеу. Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар гидрлизге түспейді ! Үш сынауыққа химиялық қасықтың 1/3бөлігіндей берілген тұздарды салып, әрқайсысына 1-2 мл –ден су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Дайын болған ерітіндіге индикатор қағазын салып, байқалған құбылысты бақылаңдар. Тапсырма:
1.Ерітінді ортасын анықтаңдар 2. Гидролиз теңдеуі арқылы байқаған құбылысты дәлелдеңдер Мысалы : 1) K2 S 2) CuCI2 3) CuS 1. K2 S + HOH=KOH+ KHS pH>7 молекулалық теңдеу 1.2 S2- +HOH = HS- +OH- иондық теңдеу 2.1 KHS + HOH = KOH + H2 S 2.2 HS- +HOH = H2 S + OH
ТЕСТ жұмысы 2. Калий гидроксидінің ерітіндісі жайлы келесі пайымдаулар берілген. А) Әмбебап индикаторды қосқанда ерітіндінің рН 7,0 ден жоғары болады. В) Калий гидроксидінің сулы ерітіндісіне мыс хлоридінің сулы ерітіндісін қосқанда көк түсті тұнба түзіледі С) Калий гидроксидінің сулы ерітіндісіне күміс нитратының сулы ерітіндісін қосқанда тұнба түзіледі D) Калий гидроксидінің ерітіндісіне азот қышқылын қосқанда бейтараптану реакциясы жүріп, су түзіледі Қайсы екі пайымдау калий гидроксидінің негіздік қасиеттерін дәлелдейді?

Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқиды.
Оқушылардың теңдеуесептер шығару мен практикаллерді жазу, зертханалық тәжірибені талапқа сай орындауы бағаланады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Алақан-жұлдыз»


ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Оқулық, жұмыс дәптері, таблица



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет