Топтық жұмыс. «Пікіріңді білдір» әдісі бойынша оқушылар постер қорғайды. Таратпа мәтіндер беріледі. (оқулық пен жұмыс)
1 топ- Жалпы адам құқығы туралы түсінік
2 топ- Адам міндеттері және бостандығы
3 топ- Адам құқықтарын шектеу
4 топ- Оқушылардың құқықтары мен міндеттері. Мектептегі өзара қарым-қатынас.
1 топ(15бап) «Жалпы адам құқығы туралы түсінік» әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды, осы мәтінмен танысып, топта талқылайды, пікір алмасады, топ болып қорғайды.
2 топ(16 бап) «Адам міндеттері және бостандығы» берілген мәтінді оқып, танысып, негізгі баптарды көрсете отырып талқылап,ортаға топ болып шығып қорғайды. 3 топ(17бап) «Адам құқықтарын шектеу» берілген тақырыпшаларды бірлесе талқылап, ортаға шығып қорғайды және мысалдар келтіреді.
4 топ(18бап) Оқушылардың құқықтары мен міндеттері. Мектептегі өзара қарым-қатынас кестесіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы талқылай отырып, қорғайды.
|
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
|
Өзара бағалау: «Бас бармақ» әдісі. Мақсаты: оқушылар бірін – бірі өзара бағалауды.
Дескриптор:
Оқушылар өз құқықтарын түсінеді;
Оқушылар өз міндеттерін біледі; Адамның конституциялық құқықтарын біледі; Адамның бостандықтарын анықтайды;
Адамның міндеттерін түсінеді; ҚР Ата заңдағы баптарды ажырата біледі.
|