Сабақтың тақырыбы: Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?


«Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру»



бет9/43
Дата19.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#44077
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
ҚМЖ 9 сынып 1 тоқсан

«Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру»

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады.


Түрлі-түсті қағаздар.



Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.
«Бірін-бірі оқыту» («Броун қозғалысы») әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпшалармен танысады. Өз іштерінде «тілші» тағайындайды және ақпаратпен танысып болған соң әрбір топтағы «тілшілер» басқа топтарға өз тақырыпшаларын таныстырады.
Б/Т Кейс технологиясы
Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1-жағдаят: (1 топ)
«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2-жағдаят: (2 топ)
«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)
3-жағдаят: (3 топ)
«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».
(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді.





ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалауды.
-Тамаша, барлығы түсінікті
- Тақырыпты аша алмады
- Жаман емес, айтуы орташа

Дескриптор:
Еңбек құқықтарын біледі;
Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін біледі;
Жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсінеді;





Қорытынды

Рефлексия. «Таңбалар» стратегиясы. Төрт бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет