Жеке жұмыс: «Ой қорыту әдісі». «Мәселенің шешімін табыңдар»
1-топ.14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше телефон – автоматтардың трубкаларын жұлып алады. Ол іс – әрекеттері полиция нарядымен тоқтатылады. Кім және қандай тәртіппен жауапқа тартылады?
2-топ.Азамат Л. көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жол полициясы тоқтатты. Л.деген азаматқа қандай әкімшілік жаза қолданылады?
3-топ.2019 жылдың 8-наурызында 24:00 де азамат М.өз үйінің подъезінде дауыстап өлең айтты.Көршісінің тоқтат деген талабын тыңдамай, одан әрі жалғастырды.Көрші учаскелік инспекторға телефон соқты. М.құқық бұзушылық жасады ма? Көрші дұрыс істеді ма? Осы жағдайды сен қалай шешер едің?
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Постер қорғайды.
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалауды.
ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы.
ҚБ «Сэндвич» әдісі 1-бөлік - позитивті комментарий, не ұнады
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...
Дескриптор: 1.Қоғамдық қатынастарды реттейді.
2.Әкімшілік құқықтың ерекшеліктерін нақты айтады.
3.Әкімшілік құқықтың субъектілер атап көрсетеді.
4.Әкімшілік құқық ұғымын түсінеді.
«Аяқталмаған сөйлем» рефлексиясын қолдану.
Маған бүгінгі сабақта ұнағаны...................................
Бүгін топ мүшелерімен.....................жайлы ой бөлістік.
Мен бүгін................................................екенін түсіндім.
Маған................................................түсіну қиын болды.
Мен......................................жайлы толық білгім келеді.
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады.
Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалауды