3 топ – Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға қасақана жол берген тұлға мен оны жасаған тұлғаның заңға сәйкес жауапкершіліктерін анықтау
4 топ – ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылыққа қолданылатын жауапкершілік деңгейін анықтау.
ЕББҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау жасау
Құқықтық жағдаят №1 Жарқайың ауданы Державинск қаласының дүкен сатушысы кәмелетке толмағанға темекі бұйымын сатқан.Сот қаулысымен дүкен сатушысына ҚР ӘҚтК сәйкес қандай жаза қолданылуы тиіс?
Құқықтық жағдаят №2 03.03.2014 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін бекітті. С. қалалық сотының қаулысымен
ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?
Құқықтық жағдаят №3 Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 08 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольдік масаң күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.
Сот көлік иесі мен жүргізушіге ҚР Жол жүру ережесі туралы және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс?
Құқықтық жағдаят №4 Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен аз. Г қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азаматша аз.Г. 09 сәуір 2014 жылы А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберіс подъезінде азаматша аз.Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сот қандай қаулы шығаруы тиіс? кері байланыстар беріп бағалайды.
ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.
Оқушылар әкімшілік ұстау» тақырыбындағы бейне сабақты тамашалап, ондағы заңның баптарына түсініктеме береді
Оқушылар әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау үшін өздерінің құқықтық ситуациялары бойынша «Арыз», «Өтініш», «Шағым», «Заңды өкіл», «Сарапшы», «Куәгер», «Сот шешімі» және «Медиация» терминдерін қатыстыра отырып, рольдік қойылым ұйымдастырады.