Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату
І. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында "Сәйкестендіру" тапсырмасын орындату
1
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі
А
Заңға қарама-қарсы келетін кез келген іс
2
Заңға қайшылығы
В
Заң алдында жауап беру
3
Кінәлі
С
Заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру
4
Жазалану
Д
Қоғамға қауіпті іс әрекет жасау
Миға шабуыл жасай отырып, өткенді еске түсіру
Сабақтың тақырыбын айтып, оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталу.
Оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындайды;
ЕББҚ оқушыны өзін сыныптан шеттетілгендей сезінбеуі үшін мұғалімнің үстеліне жақын, мінез-құлқы жайлы балалардың тобына орналастыру.
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Мұғалім презентациясы
Жаңа білім
Презентация арқылы қылмыстық процесстің субъектілеріне тоқталу. Қылмыстың субъектісі деп- қылмыс жасаған адам. Ол ең алдымен есі дұрыс адам болуға тиіс, ал есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Міндетті түрде белгілі бір жаста болу керек.
Қылмыстық процесске қатысушылар:
1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
3. Дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын (куәгерлер мен сарапшылар), сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар
ЕББҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
Зерттеу сұрақтары:
Қылмыстық процесс субъектілерін ажыратудың маңыздылығы неде?
Зерттеу мен талдау
Суреттердің арасындағы байланысты табыңыздар. ЕББҚ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
Жағдаятты оқып, қылмыстық процесстің субъектілерін анықтаңыздар және төменде берілген кестені толтырыңыздар Кәмелет жасқа толмаған Айдаров пен Қасенов және ағасы Ақсақаловпен өзара келісе отырып, темір жол вокзалында почта вагонында ұрлық жасады, дегенмен ұрланған затты сату кезінде ұсталды.Прокурор айыптаушылық қорытынды жасап, істі сотқа өткізді. Сот сот отырысының болатын күнін белгіледі, дегенмен айыпталушылардың қорғашылары болмағандықтан, соттың ұсынысы бойынша адвокаттар коллегиясы Максутов пен Сәдуақасовты қорғаушылар ретінде жіберді. Максутов кәмелетке толмағандар Айдаров пен Қасеновты қорғауға тиіс болса, Сәдуақасов Ақсақаловты қорғауды өз міндетіне алды. Сот отырысының дайындық кезеңінде сотталушылар Айдаров пен Қасенов қорғаушылардан бас тартты. Сотталушы Ақсақалов қорғаушы Сәдуақасовтан бас тартып, өзін қорғауды өзінің кәсіпорнының заңгері Нұрлыбековаға сеніп тапсыратынын мәлімдеді. Сот Ақсақаловтың өтінішін қанағаттандырып, кәмелетке толмағандар Айдаров пен Қасеновтың қорғаушысы болып, Максутовтың қалатынын бекітті.
Қорғаушының құқықтық жағдайы қандай?
Қандай жағдайларда сот процесіне қорғаушының қатысуы міндетті болып саналады?
Соттың іс-әрекеті қаншалықты дұрыс?
ЕББҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар жағдаятты оқып, қылмыстық процесстің субъектілерін анықтаңыздар және төменде берілген кестені толтырады