Үй тапсырмасы: «Мозайка»әдісі поездың және ұшақтың суретін құрастыру.
Топқа бөлемін : «поез және ұшақ» суреттері арқылы топқа бөлінеді.
Шаттық шеңбер құрамыз: Ендеше оқушылар бүгін сіздерге жақсы жаңалығым бар,біздер бүгін еліміздің астанасы «Астана» қаласына саяхат жасаймыз.
1.Астана қаласына барғыларың келе ме?
2.Араларыңызда Астана қаласына барып келегендер бар ма?
3.Астана қаласы сіздерге ұнай ма?
Оқушылар кассадан билеттер алып,поезбен және ұшаққа бөлініп отырады.
Топтық жұмыс: билет алу үшін тапсырма: рет-ретімен орналастыру
Бірқалыпсыз қозғалыс
Бірқалыпты қозғалыс
Жол
Орын ауыстыру
Тректория
Бірқалыпсыз қозғалыс
Тапсырманы дұрыс орындаса билеттерін алады
Поезға және ұшаққа отырған кезде олардың дауыстарын қойылады.(Оқушы өзін поезда және ұшақта кетіп бара жатқандай сезіну)
1-топ: «Астана» поезы
2-топ: «Тәуелсіз-дік» ұшағы
Жаңа білім
15 минут
Білу және түсіну Астана қаласына келіп поездан түскеннен кейін автобусқа мінеміз. (Автобус жүретін кезде адамдар артқа қарай,автобус тоқтаған кезде адамдар алға қарай шалқаяды)
Сұрақ: 1.Автобус жүрейін деп тұр балалар қай жаққа шалқаямыз?
2.Автобус тоқтап жатыр қай жаққа шалқаямыз?
Яғни балалар біздер күнделікті өмірдегі инерция құбылысымен кездестік. Инерция дегеніміз не? Оны бүгініг жаңа сабағымызда түсінетін боламыз.
Жаңа сабақ: Инерция
Ендеше Астана қаласындағы ең алғаш саяхатамызды «Инерция»галереясынан бастайық,кеттік ендеше?
«Галерея»әдісі Жарға күнделікті өмірден алынған мысалдар келтірілген суреттер ілінеді (суреттер бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.)
Жаңа сабақты түсіндіру
Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергі жойылған болса,ол қалай қозғалар еді?
Бұл сұраққа Италияның атақты ғалымы Галилио Галелей мұқият жүргізілген тәжірибелер арқылы былайша жауап берген болатын.
Денеге басқа денелер әрекет етпесе,онда ол Жер бетіне қатысты тыныштық күйінде тұра береді немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтайды.
«инерция» сөзі – латын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес әрекетсіздік