Сабақтың тақырыбы: "Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы"



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#134080
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Презентация “Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” сыныптан тыс іс шара (1)


Сабақтың тақырыбы:
“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып сыпайылыққа, қыздарды сыйлауға, әсемділікке,сұлулыққа құштарлығын арттыру, Тәрбиелік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.
Шаттық шеңбері
Сұлу ханша (Ертегі) Ерте, ерте, ертеде, үлкен бір шахардың ханы өз баласына жар таңдап, жар
салыпты. «Кімде кім өз парасаты мен ақылын менің алдымда көрсете алса,
сол қызды мен өз сарайыма ханша етемін» дейді. Бұл жар салуды естіген
қыздар жан-жақтан ағыла бастайды. Бірі өзінің қымбат әшекейімен сұлу
болғысы келеді, бірі әдемі сән-салтанатымен көзді арбайды. Бірақ хан
алдында әр қыз тек сұлулығын көрсете алғанмен, парасатын көрсете алмапты. Тіпті, сұлулық пен парасаттың бір-біріне қатысы не деп таңданғандары да жоқ емес. Осылайша, біраз таңдаумен хан да, оның баласы да шаршайды. Сөйтіп күндер өте ханның баласы енді ел аралауға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, күндердің күнінде бір елдің шетіне келіп, бір жұпынылау үйдің қасынан өтіп бара жатып, сұлулығы көзді алдамаса да сүйкімді бір қызды көреді. Қыз жанына жиналған барлық кішкене қыздарға кесте ілуді үйретіп отырады.
Жігіт оған: - Сіңлілерің не деген көп еді? – деп таңданысын жасырмайды. Қызда жігітке бір сәт көз тастап , танымаса да инабаттылықпен амандасады. Үйіне кіріп, жолай өткен жігітке салқын сусын ұсынады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін , өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтып, әкесіне осы елдің адамдарына сөз салып, қызды айттырып алады. Бір қызығы, әкесі мен шешесінен бөлек, қызды бүкіл ауыл қимастықпен шығарып салады. Қоштасар сәтте ауылдың сөз тоқтатқан қариясы: - Сүйкімді дүниенің сұлулықта деуші еді бұрынғылар.Біздің қызымыз өзінің жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрген қыз еді. Осы қыздың арқасында біздің ауылымыз да сүйкімді болған екен. Біздің алтынымызды қадірлей біл, - деп, шығарып салған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет