1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мағынаны таны!» 1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.
2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.
Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.