Мұғалімнің аты-жөні:
|
Машаева Қырмызы Уфатқызы №73 мектеп - лицейі
|
Пән/Сынып:
|
3-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
60-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
«Сәулет өнері» Сәулет өнері туралы не білемін?
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жалаң және жайылма сөйлем (Оқулық , «Атамұра» баспасы, 2018ж.)
|
Оқу мақсаты:
|
3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату
|
Бағалау критерийі:
|
Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы біледі.
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерден ажырата алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер.
Бүгінгі сабақта жалаң сөйлемдерді жайылмай сөйлемдерді ажыратуды үйренесің.
|
|
|
Презентация
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
1-тапсырма.
Екі бағандағы сөйлемдерге назар аудар. Айырмашылықты байқай отырып ереже құрастырып көр. Құраған ережені оқулықтың 113-бетіндегі ережемен салыстыр.
Жаңбыр жауды.
Күн күркіреді.
Қар жауды.
|
Жаңбыр себелеп жауды.
Күн қатты күркіреді.
Қар қалың жауды.
|
Бастауыш пен баяндауыштан ,яғни, тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Жаңбыр жауды.
Ал тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы:Жаңбыр себелеп жауды.
|
Жалаң және жайылма сөйлемдерді түсіну.
|
Дескриптор:
Екі бағандағы сөйлемдердің айырмашылығын анықтайды;
Ойқорытынды жасап, ереже құрастырады;
Құраған ережесін оқулықтағы ережемен салыстырып, жалаң және жайылма сөйлемді тұжырымдайды.
|
|
8 минут
|
Тақырыпты меңгеру машығы
|
2-тапсырма.
Берілген жайылма сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып жаз.
Оқушылар ардагерлермен кездесті.
Айман мені кітапханада күтеді.
Айдын жарысқа қатысты.
Жолаушылар автобусқа жақындады.
|
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату.
|
Дескриптор:
Сөйлемдерді тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді анықтайды;
Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазады.
|
|
3 минут
|
Бекіту
|
4-тапсырма
Берілген суреттерге қарап екі жалаң сөйлем құрастыр. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз. Сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсет.
|
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату.
|
Дескриптор:
Берілген суреттер бойынша жалаң сөйлемдер құрайды;
Құраған жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазады;
Сөйлем мүшелеріне талдап, байланысын сызбамен көрсетеді.
|
|