Тапсырма:Бұл тапсырманы оқушы карточкаға орындайды.Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады. АТЫ-ЖӨНІ ........................................................................................................... ТАПСЫРМА. Өз ойынды жалғастыр: Менің ойымша, жақсы адам болу үшін.......................................................
Менің досым....................................................................................................
__________________________________________________________________ Тыныштық сәті:Релаксациялық тәсілін өткізумен жалғасады. Сыныпта оқушылардың демалуына жағдай жасалады. Үнтаспадағы баяу музыка орындалады. Мұғалімнің сөздері: «Сендер отбасыларыңмен тау бөктеріне демалуға бардыңдар. Бәрің сондай қуаныштысыңдыр, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам. Әдемі түрлі – түсті гүлдер, көбелектер қалықтап жүр.Құстар әсем ән салуда. Сендер өз ата- аналарыңмен қуанып ойнап, шаттанып жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айталық». Сабақты қорытындылау:Сабақта қолданылған барлық әдіс –тәсілдердің ұтымдылығы берілген тақырыптың меңгерілу нәтижесін көрсетеді.