Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Өз уақытыңды қалай тиімді жоспарлай-сың?
Тайм-менеджмент ұғымын қалай түсіндірер едің?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№7-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Айтылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыный ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады.
Топтық жұмыс:
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба өлеңін жатқа айт. Өлең мәтініндегі «Адам болам десең, уақытыңды босқа өткзбе» деген идеяны ақын қандай сөз қолданыстарымен жеткізеді? Өлеңдегі синонимдер мен анонимдерді теріп жаз.
|
Дескриптор:
Жалпы-4 балл:
- Абайдың «Ғылым таппай мақтанба өлеңін жатқа айтады.
-Өлең мәтініндегі «Адам болам десең, уақытыңды босқа өткзбе» деген идеяны ақын қандай сөз арқылы жеткізгенін анықтайды.
-Өлеңдегі синонимдер мен анонимдерді теріп жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
№8-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Жазылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушы сауатты, қатесіз жазуғаға, өз ойын дәптерге түсіруге дағдыланады.
Өлең үзіндісін пайдаланып, өзіңнің мақсатың туралы мәтін құра. Мәтінде қандай дауысты және дауыссыз дыбыстардың жиі қолданылып тұрғанын ескер.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл.
- Өлең үзіндісін пайдаланып, өзінің мақсаты туралы мәтін құрайды.
- Мәтінде қандай дауысты және дауыссыз дыбыстардың жиі қолданылып тұрғанын ескереді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Жұптық жұмыс
|
№9-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Айтылым-диалог:
«Уақытты тиімді пайдалану» деген тақырыпта жұп болып диалог құраңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл.
-«Уақытты тиімді пайдалану» деген тақырыпта жұп болып диалог құрайды.
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|