Жағымды көңіл-күй туғызу. Шaттық шеңберiн құрып, «Жүрек жылyы» тренингi oйнaтy.
Мaқсaты: oқyшылaр бiр-бiрiне жүрек жылyын сыйлaп, әр oқyшы бiр-бiрiне мейрiмдi, қaйырымды, жылы сезiмге тoлы екенiн, жaқсылықтың бәрi жүректен шығaтынын жеткiзy.
Ал енді үй тапсырмасына не берілген еді, кім айтады?
Үйге диванға арналған жастық дайындау деген тақырып берілді.
Ия өткен сабақта біз сендермен жастық дайындау, жастықтың эскизін жасау, құрақ құрау түрлерімен, құрақ схемаларымен таныстық.
Қыздар сендер меруерт тас туралы не білесіңдер?
Мен бүгінгі сабақты жоғары нәтижеге жеткен оқушыларды меруерт тасымен бағалаймын.. Егер, бүгін сабақта кім жақсы нәтижеге жетсе, сол бүгінгі сабақтың меруерт тасы болады.
Меруерт тас, ол тастардың ішіндегі ең қымбат, құнды тас.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтың қандай түрлері бар?
3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық пішіндер қолданылады?
4. Құрақ құрау үшін ең алдымен не істеу керек?
Жауап берген оқушыларды мадақтау.
Үй жұмысын қорытындылай келе, біз сендермен жастықтың эскизін жасау үлгісімен таныстық,ең алдымен кез келген бұйымның нобайын, яғни эскизін жасап содан кейін матаны кесіп, тігеміз.
Оқулықтағы жұмыспен танысу
Слайд, презентация
Сабақтың ортасы 15 мин
Сарамандық жұмыс
Енді үстел бетінде қиылған пазлдар жатыр, олардың артында сұрақтар берілген, егер де сендер сол сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, біздің бүгінгі өтетін тақырыбыздың мазмұны ашылады.
(Слайд) сабақтың тақырыбы: «Жастықты әшекейлеу үлгілері».
Сабақ барысында презентация жастық түрлерімен таныстыру. Жастық – адамның басына жастауға арналған үй бұйымы. Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы салынып, сырты матамен тысталады. Оны «бидай шүберек» деп атайды. Бидай шүберектің сырты әртүрлі асыл матамен капталады. Оны «жастық тыс» деп атайды. Жастық тысын ауыстыруға қолайлы болу үшін түйме қадалады не бау тағылады. Енді қыздар өткен сабақта тіккен жастықтарыңды алыңдар. Қыздар қараңдаршы біздің жастығымыз көз тартарлықтай әдемі болу үшін не істеуге болады?
Жастықташалар әдемі болу үшін, оларды моншақтармен, таспалармен, стразалар,атласты ленталармен, жапсырмалау, түймелермен әшекейлесек, сәнді болады.
Қауіпсіздік іс-шарасын сақтауды қадағалау.
Оқушылар әртүрлі тәсілдер арқылы жоспарланған кестеге сәйкес өзінің бұйымын әшекейлеуді бастайды.