Жұптық және жеке жұмыс орындайды. Оқушылардың пайда болған қиыншылықтарына қарай көмек көрсетіледі.
Сыныпқа өзінің орындаған жұмыстарын көрсетеді, қорғайды.
Жақсы шыққан жұмыстарды мадақтап, меруерт тасымен бағалау.
Ал енді сендермен сабағымызды қорытындылай келе, лото тәсілімен «жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Алдарында тұрған лотоны айналдырып, ішінен мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.
1. Жеті рет өлше, бір рет кес.
2. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен
3. Қыз еркем,ісімен көркем
4. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
5. Қолөнері кілемде, сөз өнері өлеңде
6. Талаппен бастап, талғаммен аяқта
7. Өнерлі болу зейнет, өнерсіз болу бейнет.
Жұмыс жасау таспа, безендіруге арналған заттар моншақтар, жапсырмалау, кестелеу, лентамен өрнектеу, стразалар
Қайшымен жұмыс істеген кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері.
Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
Қайшыны досына үшкір жағымен берме.
Қайшыны ашық қалдырма
Инені арнаулы жастықшаға қыстыр.
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Инемен жұмыс істеген кезінде оймақ киген дұрыс.
Инені тістеп отыруға болмайды.
Сабақтың соңы
10 минут
Оқушылар өздерінің аяқталған жұмыстарын ұсынады және шарт жоспарларына сәйкес бір-біріне баға береді.