7. Қорытындылау: Балалар біздің мектепте 5 тоқсан еңбек тоқсаны деп аталады, біз ол жерде не істейміз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Рефлексия кластер толтыру: (ватман қағазында түрлі-түсті фломастерлер) әр топ өздерінің кластерлерін жазады, (уақыт 2минут) уақыт болған соң әр топтың оқушысы шығып кластерлерін көрсетеді,айтып береді.
Мәтін «Жаз» Жаз өте ыстық жыл мезгілі, жаз айлары-маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жеміс-жидектер піседі. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Көбінесе балалардың ата-аналары да жазда кезекті демалысқа шығады.
Жазда балалар суға шомылады, күнге қыздырынады, күнге күйеді. Балық аулайды. Орман тоғайларға барып жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді тереді. Балалар және үлкендер жазды өте жақсы көреді.