Сабақтың тақырыбы: Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері. Жоспар


Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары



бет2/2
Дата29.12.2023
өлшемі18,1 Kb.
#144889
түріСабақ
1   2
Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары. Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор мәселесі баланың организмінде нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткін шектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілу дің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады. Бойдың ұзаруы,салмақтың артуы,кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішіні мен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді . Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды . 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады. Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп , мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүм кін . Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады . Бұлшық еттің дамуы ер балалар да еркектер типінде , ал қыз балаларда әйелдер типінде болады , осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектер ге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады , бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады. Бұлшық ет күшінің артуынан жет кіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар . Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды , сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды , спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет . Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады , өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ – көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын , Қозғалыс функция ларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең . Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әртүрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі . Мұның өзі жүрек - қан тамырлары жүйе сінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып , жүректің қағуы мен қысымының артуы , бастың ауруы , бастың айналуы , тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмінің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады , осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда , зат алма судың анализаторлары болып табылады . Эндокриндік және жүйке жүйе функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ, бір жағынан , энергияның күрт өсуімен , ал екінші жағынан , патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады . Сондықтан ақыл - ой немесе дене күшінің қажуы , ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш , ыза , реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы , гипертироз дың дамуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп бо луы мүмкін . Жеткіншек шақта эндокрин дік және жүйке жүйелерінің қызметінде гі балалық шақта болатын тепе - теңдік бұзылады да , жаңа тепе - теңдік енді ғана қалыптаса бастайды . Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайлары на , әсерлеріне , көңіл күйіне әсер нуының негізі болады.


Бекіту сұрақтары,тапсырмалар:
1. Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы қандай?
2. Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балалардың қай сынып кезеңімен сәйкес келеді?
3. Жеткіншек жастағылардың психикалық дамуының ерекшелігі қандай?
4. Қыздардың және ұлдардың денесінің тез өсуі қай жаста кездеседі?
5. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық - физиологиялық және психологиялық алғышарттарын ата.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет