________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
122 -сабақ.
1.4.1.2 жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және олардың классификациясы;
1.4.1.3 жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру, тең жиындарды, бос жиындарды анықтау;
1.4.1.1 екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу
Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Бүгін біз жиын ұғымымен танысамыз.
Мәселелік жағдаятты түсінеді.
Мағынаны тану 10-15
Жаңаны ашу. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды ұсынады.
Әлия мен Сырымға бөлмелеріндегі заттарды жинастыруға көмектес.
Қайсысын қайда жинауға болады? (Кітапты – кітаптар, допты – доптар, мәшинені – мәшинелер, құрастырғышты – құрастырғыштарға, жұмсақ ойыншықты – жұмсақ ойыншықтар сөресіне жинау керек)
Балалардың әрбір сөреге жинағанын бір сөзбен қалай атауға болады? (Жиын)
Оқушылар жиын ұғымымен танысады. Жиындарды элементтерін жұптастыру арқылы салыстыруды үйренеді.
Оқулық.
Дәптер.
15-20
Жаңаны қолдану Оқушылароқулықтағы №2 тапсырманы орындайды.Дәптеріңе жиындардың атауын жаз. (нан өнімдері, көгөністер, сүт тағамдары жиындары).
Әрбір жиын үшін тағы да бір элементтен ойла, оларды жаз (нан, сәбіз, айран).
Бұл жиындардың қайсысында элементтердің саны тең.
нан өнімдері жиыны - 5
көгөністер жиыны - 6
сүт тағамдары жиыны – 5