Сабақтың тақырыбы: Жиындардың бірігуі мен қиылысуы



бет4/6
Дата23.11.2022
өлшемі394,67 Kb.
#52076
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ІІ топ:
1) 5.16-суретте Эйлер–Венн дөңгелектерімен А
және В жиындары кескінделген.
а) А жиынын; ә) В жиынын; б) A B ; в) A B
элементтерімен жазыңдар.

2) • 56 санының бөлгіштерінің Х жиынын;
• 32 санының бөлгіштерінің Y жиынын элементтерімен
жазыңдар;
Х және Y жиындарының қиылысуындағы ең үлкен сан 56
және 32 сандары үшін қалай аталады?
ҚБ: «Шапалақ» арқылы бағалайды.


2. Саралау тәсілі. «Тапсырма».
Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі
24 264 санындағы цифрлардың Е жиынын және 45 695
санындағы цифрлардың F жиынын элементтерімен жазыңдар:
1) Е және F жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар;
2) Е және F жиындарының бірігуін элементтерімен жазыңдар.


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды
В деңгейі
F – 4 санына еселік болатын алғашқы алты натурал сандар жиыны; K – 6 санына еселік болатын алғашқы бес натурал сандар жиыны. F және K жиындарының қиылысуын белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар. F K-дағы ең кіші сан 4 және 6 сандары үшін қалай аталады?
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
С деңгейі
Есепті Эйлер-Венн диаграммасын пайдаланып шешіңіз:
32 оқушының барлығы спортпен шұғылданады. Олардың 20-сы футбол ойнағанды, ал 18-і волейбол ойнағанды ұнатады. Кейбір оқушылар спорттың екі түрімен де айналысады. Қанша оқушы: тек қана футбол ойнағанды, тек қана волейбол ойнағанды, ал қаншасы футбол ойнағанды да, волейбол ойнағанды да ұнататынын анықтаңыз.
ҚБ: «От шашу» арқылы бағалайды.


Сергіту сәті. « Бірге қайтала».
Интербелсенді тақтадан видеоролик жіберіледі. Оқушылар орындарынан тұрып бірге қайталап,билейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет