І топ , ІІ топ. «Сұрақты қағып ал»арқылы
1. Жиын дегеніміз не? 2. Жиындарға мысалдар келтіріңдер. 3. Жиындарға тиісті нәрселер, объектілер қалай аталады? 4. Қандай жиын бос жиын деп аталады? 5. Ішкі жиын дегеніміз не? 6.Тең жиын дегеніміз не? ҚБ: «Шапалақ» арқылы бағалау.
«Елші» әдісін қолдану.
Тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып, топта талқылайды. Әр топтан бір оқушы шығып, басқа топқа барып тыңдап, ақпарат жинақтап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Топ басшысы шығып постерде қорғайды.
І топқа: Жиындардың бірігуі
ІІ топқа: Жиындардың қиылысуы
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Топтар бірін бірі бағалағаннан кейін мұғалім тақтадағы слайд арқылы тақырыпты түйіндейді.
«Ойлан –жұптас - бөліс» Әр топқа үлестірмелі карточка беріледі. Оқушылар топта орындап талқылайды. І топ: 1)Дәптерге 5.15-суреттегі жиындардың кескіндерін салыңдар.
1) Жиындардың қиылысуын көк түспен бояп көрсетіңдер.
2) Бірігуін қызыл түспен бояңдар.
2) «Марс» және «Уран» сөздеріндегі әріптерден:
1) А жиынын және В жиынын құрастырып жазыңдар;
2) А және В жиындарының қиылысуын жазыңдар;
3) А және В жиындарының бірігуін жазыңдар.