Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері



бет5/7
Дата31.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#77995
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Жалпы сипаттамасы[өңдеу]


Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене, ерекшелене түседі.

Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі[өңдеу]


Омыртқалы жануарлар жүйке жасушалары негізінен орталық Жүйке жүйесіне біріккен жұлын мен мидан тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында Жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқы жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, ал одан әрі қауыса келіп түтікке айналады.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері[өңдеу]


Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

  • орталық бөліміне ми және жұлын,

  • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік)парасимпатикалық (ішкі мүшелік)симпатикалық (тамырлық).
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет