Нейрон дегеніміз жүйке жасушасы. Ол жүйке жүйесі құрамындығы жеке бөлік , сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болсада да , ол дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады . Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон , дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның , ұзын ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір таксон , бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты болып келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпещігінің қозу қабілеті өте жоғары.
Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды айтады. Глия грек сөзі желім деген мағынада . расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрайды.
Біздің ағзамызда жүретін барлық құбылыстар, негізінен, жүйке жүйесі арқылы басқарылады. Жүйке жүйесінің құрамдас бөліктері ми, жұлын және ағзаның әрбір тарауына жететін жүйкелерден тұрады.
Жүйке жүйесі көптеген қызметтерді атқарады. Ол қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оны ағзада өңдеп, оған тиісті жауаптың қайтарылуын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, ол ағзаның басқа жүйелерінің жұмысын бақылайды және реттейді. Жүйке жүйесі нейрондар және нейроглиядан тұрады. Жүйке жүйесінің жасушалары электр импульстерін өткізеді. Ал, нейроглиялар тірек, қоректендіру, қорғаныс қызметін атқарады.
бас миы
/
жұлын жүйкелері
бассүйек жүйкелері
/
жұлын
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады

1-топ