Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Ашық микрафон әдісі бойынша
1. Күн әлемі жайында не білесіңдер?
2. Айнымалы жұлдыздар жайында не білесіңдер?
3.Шұғыланың пайда болуын түсіндіріңдер.
4.Магниттік дауылдардың Жерге қандай әсерлері бар?
5.Ғарыштық ауа-рай дегеніміз не?
6.Өте биікте ұшып бара жатқан ұшақтағы адамдарға күн жарқылы мен ғарыштың радиациясы қауіпті бола ма?
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Мәтінді оқып топпен қорғайды.
Кеңістікте Күнге жақын орналасқан өлшемі үлкен, өзіне тән қозғалысы бар бірнеше жұлдыз табылды.
Б ірнеше жылғы бақылаулар осы жұлдыздардың бірі кеңістіктегі өзіне тән траекториядан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің массалары анықталды.
Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің де болашағы зор.
2005 ж. Наурыз айының соңында Күн жүйесінен тыс табылған планеталар жүйесінің саны 152-ге жетті. 134 жұлдыздың планеталар жүйесі бар екені белгілі болып отыр. 14 жұлдыздың бірден артық планетасы бар.
Күн жүйесі жөніндегі түсініктің дамуы.
Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473 – 1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген “Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде” деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жердің орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник “жылжымайтын жұлдыздар сферасын” Күннен өте қашыққа орналастырды.
Коперник ұсынған дүние жүйесі гелиоцентрлік деп аталады. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді.
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
|
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5
|
ФИЗИКА 11 сынып оқулық
Алматы-Мектеп 2020
|