Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Кім жылдам? әдісі бойынша
1.Жұлдыздар жарық шығару үшін қажет энергияны қайдан алады?
2.Асқын жаңа жұлдыз жарылған соң оның орнында не қалады?
3.Герцшпрунг-Рассел диаграммасының бас тізбегіндегі жұлдыздардың орны неге тәуелді?
4.Жұлдыздарда қандай реакцияның есебінен сутек элементінен басқа жеңіл химиялық элементтер пайда болады?
5.Жұлдыздың түсі арқылы беттік қабатының температурасын қалай анықтауға болады?
6.Күн мен Жерді қара құрдым шамасына дейын сығуға бола ма?
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс.
Кейде жұлдыздарың жылтырауы өте тез өзгереді де, оның периодтылығы сақталмайды, ал кейде жұлдыздардың жылтырауының өзгерісі периодты болады. Мұндай жұлдыздарды айнымалы жұлдыздар деп атайды.
Оптикалық қос жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен өте алыста орналасқан, бірақ аспан сферасында проекцияланатын жұлдыздар.
Ортақ массалар центрінен айналып жүретін қос жұлдыздар физикалық деп аталады.
Айнымалы жұлдыздар үш топқа бөлінеді:
Тұтылмалы айнымалылар;
Лүпілдек айнымалылар;
Жарылатын айнымалы.
« Алголь жұлдызының жылтырау өзгерісінің» графигі: (Д.Гудрайк зерттеді 1764-1786 жж).
Күн – ыстық газ және газ шығаратын радиациялардан тұратын сфера.
Күннің орташа тығыздығы 1,4 г/см3
Күн құрылымының сұлбасы:
Ядроның реакция аумағы
Сәуле шығару арқылы энергияны тасымалдау аумағы
Энергияны конвекция арқылы тасымалдау аумағы
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
|
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5
|
ФИЗИКА 11 сынып оқулық
Алматы-Мектеп 2020
|