Нұр – Сұлтан қаласы «№64 мектеп – лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нургожина Сауле Ельтаевна 8-сынып қазақ тілі сабағы ІV тоқсан : «Қиял мен шындық» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» әңгімесінің жаңашылдығы 2020-2021 оқу жылы Онлайн сабақтың жоспары
Қазақ әдебиеті сабағы
ІV тоқсан
«Қиял мен шындық» бөлімі
Жүніс Сахиев «Дабыл» әңгімесінің жаңашылдығыы
Сабақтың мақсаты:
8.Б/С4. Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Бағалау критерийі:
Автор туралы пікірлермен танысады;
Берілген пікірлердің негізінде өзіндік сыни пікір жазады
Балалар, әдеби сын туралы есімізге түсірейік. Теорияға назар аударайық.
Әдеби сын - көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді
1 – тапсырма.
Пікірді оқып, сыни көзқарасыңызды «Пікір пирамидасы» арқылы білдіріңіз.
...Ғылыми фантастика жазу үшін оның міндетті түрде ғылымнан хабары болуы керек. Мен осындай себептермен байланыстырар едім. Бұл жанрда аты-жөні қалыптасқан, тұрақты жазып жүргендердің ең жасы дегенде менің ойыма Жүніс Сахиевтің есімі оралады. Оның өзі – жерортасы жасындағы адам. Сол Жүніс – бір ғана сериямен 11 том жазған қаламгер.