Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу. PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файлакомандасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Сабақты бекіту Компьютерде «PowerPoint бағдарламасы» арқылы тапсырмалар орындау.
PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту үшін компьютерде «Тестік жұмыс» орындайды.
ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс): Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.
Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздің
жұмыс үстелінде орналасқан “Менім отбасым” және “Менім сыныбым” деген папкалардағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point
бағдарламасында 2 – 3 секундтық жарнама ролик дайындаңыздар.
ІІІ. Қорытынды нұсқау: Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.
IV. Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:
1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
2. Презентация неден құралады?
3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
4. Power Point бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
V. Бағалау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Word редакторының мүмкіндіктеріне көңіл бөле отырып, оқушыларды кесте ұғымымен таныстырып, әр түрлі деңгейдегі кестелерді жасауға үйрету.
Дамытушылық:Өзіндік жұмыс істеуге баулу, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау және шығармашылық деңгейлерін дамыту.