Оқиғаның басталуы- Аянның қоныс аударуы.
Байланысы- Ауыл балаларымен достасуы.
Шиеленісуі- Тобығын тайдыруы.
Шарықтау шегі- Әжесінің қайтыс болуы
Шығарманың шешімі- Балалар үйіне кетуі.
Портрет- образ портретсіз болмайды. Ол адамның бет- пішінін, кескін- келбетін, жүріс-тұрысын, киім киісін бейнелеу. /кітаптан оқу/
Мінездеу- адамның ішкі жан дүниесін суреттеу.
Тұрақты тіркес- екі немесе бірнеше сөздердің тіркесіп келіп, бір мағына беруі. Қотыр тайға тіл бітеді, естімеген адамша міз бақпайды, қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді.
Антоним- мағынасы бір- біріне қарама- қарсы сөздер. /Ылди- өрге бірдей сырғанайтын шана, киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды/
Түсіндірме сөздік.
Жетім- әке не шешесі /ата- анасы/ қайтыс болған, кәмелетке толмаған бала.
Тәрбиелік мәні: ата- ананы қадірлейтін, адал дос бола алатын ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.
Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі- Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір айғағы іспетті шығармалардың бірі. Мұнда майдан шебіндегі зеңбіректің дүрсілі де, жаңбырша жауған бомбаның қалың орманды қамыстай жапырып, елді мекендерді тып- типыл еткен сұрапыл екпіні де, жауынгерлердің жанкешті ерлігі де сөз болмайды. Бұл әңгіменің өзекті тақырыбы- бұдан бұрын болып көрмеген қырғын соғыстың зардабы: қазақ ауылдарындағы қара жамылған адамдар, жетімдіктің қамытын киген балалар. / А.Қоразбаевтың «Бозторғай» әнін тыңдату/