Сабақтың тақырыбы: «Жусан иісі»


ІҮ. Әңгімені сатылай кешенді талдау



бет2/4
Дата19.09.2022
өлшемі27,44 Kb.
#39464
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
жусан иісі

ІҮ. Әңгімені сатылай кешенді талдау.



  1. АвторыСайын Мұратбеков

  2. Тақырып- автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.

Соғыс кезіндегі балалар өмірінің шындығы, олардың тағдыры.



  1. Әдеби жанр. Повесть. Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарма.

  2. Негізгі идеясы- жетім баланың ата- анасын сағынуы, оның арманы мен үмітін көрсету арқылы басқа замандастарына ой салу.

  3. Шығарманың композициялық құрылысы- бес бөлімнен түрады.

Оқиғаның басталуы- Аянның қоныс аударуы.
Байланысы- Ауыл балаларымен достасуы.
Шиеленісуі- Тобығын тайдыруы.
Шарықтау шегі- Әжесінің қайтыс болуы
Шығарманың шешімі- Балалар үйіне кетуі.



  1. Шығармадағы кейіпкерлер: Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұржан, Асылбек шал, Садық, әңгімеші бала.

  2. Әдеби- теориялық ұғымдар:

Портрет- образ портретсіз болмайды. Ол адамның бет- пішінін, кескін- келбетін, жүріс-тұрысын, киім киісін бейнелеу. /кітаптан оқу/
Мінездеу- адамның ішкі жан дүниесін суреттеу.
Тұрақты тіркес- екі немесе бірнеше сөздердің тіркесіп келіп, бір мағына беруі. Қотыр тайға тіл бітеді, естімеген адамша міз бақпайды, қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді.
Антоним- мағынасы бір- біріне қарама- қарсы сөздер. /Ылди- өрге бірдей сырғанайтын шана, киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды/



  1. Түсіндірме сөздік.

Жетім- әке не шешесі /ата- анасы/ қайтыс болған, кәмелетке толмаған бала.



  1. Тәрбиелік мәні: ата- ананы қадірлейтін, адал дос бола алатын ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.

  • Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі- Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір айғағы іспетті шығармалардың бірі. Мұнда майдан шебіндегі зеңбіректің дүрсілі де, жаңбырша жауған бомбаның қалың орманды қамыстай жапырып, елді мекендерді тып- типыл еткен сұрапыл екпіні де, жауынгерлердің жанкешті ерлігі де сөз болмайды. Бұл әңгіменің өзекті тақырыбы- бұдан бұрын болып көрмеген қырғын соғыстың зардабы: қазақ ауылдарындағы қара жамылған адамдар, жетімдіктің қамытын киген балалар. / А.Қоразбаевтың «Бозторғай» әнін тыңдату/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет