Миға шабуыл
«Ұйқасын тап» ойыны арқылы бүгінгі тақырыпты ашып аламын.
-Әдемі ол тым-ақ Оның аты.....(тымақ)
-Береді қызға көрік. Киіп алса..... (бөрік)
-Дейді әже кимесек Басымызға..... (кимешек)
-Сыйладым мен әпкеме Әшекейлі ....(сәукеле)
-Жылы дейді атам, Киіп алып..... (шапан)
-Кеттім қатты сөйлеп, Үстімде әдемі... (көйлек)
(Қ.б) «Мадақтау» әдісі арқылы бағалау.
Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Кейіпкерлердің киім үлгісін, әшекей бұйымдарын суреттеймін. И,й әріптерінің жазылуы.
Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты үш топқа іріктеліп отырады: . 1-топ: Шапан тобы. 2-топ: Көйлек тобы. 3-топ: Сәукеле тобы
Оқушыларға бейнежазба көрсету арқылы
и,й әріптерінің емлесімен таныстыру.
Бүгінгі күнді жазамыз.
Оқушының дұрыс отыруына назар аудару.
33- жаттығу Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» әдісі арқылы оқушылар мәтіннің атына қарап, онда не туралы айтылғанын болжайды. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.
Қап, көйлегім-ай!
Жазда Дәукен атамның ауылына бардым.Ауылға барған
күні-ақ жаңа көйлегімді киіп алдым.
Далаға шықтым. Тұраш пен Сапаш доп ойнап жүр екен.
Олармен былтыр келгенде танысқанмын. Сапаш мені байқап:
-Әнеш кел, доп ойнаймыз,-деді.
Анамның көйлегіңді кірлетпе дегені есіме түсіп, ойыеға қосылмай тұрдым.
-Көйлегім кірлеп қалады деп қорқасың ба?- деді Тұраш.
Ұялып кеттім де, ал ендеше деп, ойынға араластым.
-Мен қақпаға кеттім , - деп. Сапаш жол жиегіндегі екі кесек белгінің ортасына барып тұрды.
Жақындап барып, ышқына тептім. Гол! Сапаш допты ұстаймын деп шалқасынан құлады.
Бір кезде қарасам, ақ көйлегімнің өңірі сатал-сатал болыпты. Қап көйлегім-ай!..
Дескриптор: -мәтінді тақырыбына қарап болжайды -түсініп оқиды - сұрақтар дайындайды
(К.б) «Мадақтау» әдісі арқылы бағалау.
(МК) Жеке жұмыс:
Жейдені сипаттап жазу.Мәтіннен и,й дыбыстары бар сөздерді тауып ал
(К.Б) «Бесжұлдыз» әдісі арқылы бағалау
И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса: ал й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.
Есіңде сақта! И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: киім, қиын, жиын
Түсіндіру және сипаттау
34- жаттығу. (Т.ж) «Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі
1. Суреттерге қарап, не істеп жатқандығы туралы әңгімеле.
2.Өзің киімдеріңді қалай таза ұстайтының туралы айт.
1-топ 2-топ 3-топ
Дескриптор:
-суретті анықтайды
-не істеп жатқандығы туралы әңгімелейді.
-киімді таза ұстау туралы айтады.
(К.б) Бағдаршам түстерімен бағалау.
Сергіту сәті
«Өз орнын тап» ойыны
Бос орынға и,й әріптерінің қайсысы сәйкес келеді.
Ты...ым, қа...ыс, ж...ек, қ...ын, бұ..ым, сы..лық.
36- жаттығу. «Көркем жазу» әдісі.(Ө.ж)
-Жазу барысында жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жаздыру. -Сөздердің қатесін тауып, түзетіп жазу
Тақыйя-тақия, кійім-киім, әшекеи-әшекей, көилек-көйлек, жеиде-жейде, сақыйна-сақина.
Дескриптор:
-Көркем жазады.
-Қатесіз көшіріп жазады.
(К.б) Бесжұлдыз арқылы бағалау.
37- жаттығу «Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісі
Сурет бойынша сабантой, күзгі жиын-терім, ұлттық киім, үкілі бөрік, кимешек, тақия, күй тарту сөздерімен мәтін құра.
Дескриптор:
-тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады
-мәтін құрастырады
(К.б.) «Смаймик» әдісі арқылы бағалау.
|
https://www.youtube.com/watch?v=QZpCvjz1DFM
Оқулық 19-20 бет
Оқулық 21 бет
https://youtu.be/uZkQ8TAHIQo
Оқулық 21- бет
Оқулық 22 бет.
|
- Қарқын тәсілі, « Миға шабуыл» әдісінде берілген тапсырмаға кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жауап жұмыс жасайды.
-Диалог және қолдау көрсету тәсілінде, «Болжау» әдісін жүргіздім, оқушыларды ойлан үшін бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала сұрақтар дайындадым.
-Қорытынды тәсілі, «Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі топпарға нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысынан не күтілетіндеріне көз жеткіздім.
-Қорытынды тәсілі, «Көркем жазу» әдісінде барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады және әртүрлі бағаланады.
-Дереккөздер; «Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісінде кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істеуіне байланысты сабантой, күзгі жиын-терім деген сөздерге мәтін құрайды.
|
Ширату жаттығу ойынында сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды «Смайлик» арқылы бағалаймын, «Ұйқасын тап» ойынында белсенді қатысқан оқушыны «Мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын, 33-жаттығуды «Мадақтау», «Бесжұлдыз » әдістері бойынша бағалаймын, 34-жаттығуды «Бағдаршам» әдісімен бағалайды, 36- жаттығуды «Көркем жазу» сайысын ұйымдастырып «Бесжұлдыз» әдісімен бағалаймын, 37-жаттығуды «Смайлик» әдісі бойынша бағалаймын.
|
Сабақтағы белсенді әрекеттер барысында оқу құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|