Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай»



бет2/2
Дата25.12.2022
өлшемі4,36 Mb.
#59500
түріСабақ
1   2
Байланысты:
2-сабақ «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің құрылымдық сипаты

Кендебай
Керқұла ат
Хан
Қойшы бала
Хан балалары

Төменде берілген сілтемеден Кендебай мен қойшы баланың

диалогін тыңдаңыз.

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy

/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi

Кендебайдың орнына өзіңді қойып көр.


Қуаныш сыйлау
Қолдан келген көмекті аямау
Мейірімділік танытар едім
Ата- анасын құтқаруға көмектесер едім
Достасар едім
Бақыт сыйлар едім

1-тапсырма

Венн диаграммасымен жұмыс https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi

Дескриптор:

Кендебай мен ханның балаларын салыстырады.


Кендебай
Ханның балалары
Ортақ қасиеті

Өзіңді тексер


Кендебай
Еңбекқор
Батыр
Мейірбан
Жігерлі
Ханның балалары
Жалқау
Өтірікші
Еріншек
шыдамсыз
Ортақ қасиеті
Ертегінің кейіпкерлері

2-тапсырма

Дескриптор:

            • кейіпкерлердің портретін табады;
            • кейіпкерлер туралы маңызды ақпарат келтіреді.

Кейіпкерлер

Ертегідегі портреті

Кейіпкердің ең маңызды
3 әрекеті

Өзіңді тексер


Ертегідегі портреті
Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті.
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
  • Аң аулап, кедейлерді қарық қылыпты.
  • -Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Өз атым - Кендебай, ел мені Керқұла атты Кендебай деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат болса айтайын, - дейді Кендебай.
  • Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді

Ертегідегі портреті
Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез та болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
1. Таудың етегіне келгенде Керқұла атқа тіл бітіп сөйлейді: «Достым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес. Біреуі емес, екеуі де осыдан табылады. Олар терең зынданда жатыр.
2. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол жорықта қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да жолына жетерлік пұл бер. Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киіміңді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал.
3. Керқұла атқа тағы да тіл бітіп: «Аспанмен тірескен анау бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Ол алты айда бір рет азық іздеп кетеді де, он бес күнде кері айналады. Қазір ол азық іздеуге кетіпті, оның қайтып келуіне әлі алты күн бар. Біз оның қолына түспес үшін алты сағатта алты айлық жол алуыңыз керек..

Қорытынды

Бүгінгі сабақта:

 

        • әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы
        • суреттеулерді таптыңыздар.

        • «Керқұла атты Кендебай» ертегісі туралы мәлімет алдыңыздар.
        • ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыраттыңыздар;
        • мазмұнына қатысты кейіпкерге мінездеме беріп, ақпараттарды анықтадыңыздар.

Қосымша тапсырма

“Керқұла аттың өсіп жетілуі” тақырыбында ертегі жазып көріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет