Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты


Тексерілді: Күні: 24.11.2016



бет28/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Абайтану қмж

Тексерілді:
Күні: 24.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып


Сабақ тақырыбы: Абай мұрасын зерттеушілер
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік:
Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеушілер және олардың еңбектері туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.
2. Реферат жазу.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Абай мұрасын зерттеушілер
20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.С.Сильченко, Қ.Мұқамедханов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б.Г.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев секілді ғалымдардың еңбектерін атасақ та жеткілікті.
Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесі жатады. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді.
Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Мұны ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқауға болады. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген «Абай» энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Қытайда профессоры Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» атты еңбегі (Пекин, 1987), кейін Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қалаларында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.
Абайтану тарихы – бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды.
Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.
Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:

  1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған.

  2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1926 және 1926–1940 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социологиялық дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты.

  3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–1945 жж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.

Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді.
Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет