Көңілім менің қараңғы Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейістің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!
Талдау. Оқушылар өлеңдерді құрылысына қарай талдайды.
Қараңғы түнде тау қалғып Қа-раң-ғы түн-де // тау қал-ғып, 8 а
Ұй-қы-ға ке-тер // бал-бы-рап. 8 б
Да-ла-ны жым-жырт, // дел-сал қып, 8 а
Түн ба-са-ды // сал-бы-рап. 7 б
Шаң шы-ғар-мас // жол-да-ғы, 7 а
Сіл-кі-не ал-мас // жа-пы-рақ. 8 б
Тын-шы-ғар-сың // сен-да-ғы, 7 а
Са-быр қыл-саң // а-зы-рақ. 7 б
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 7-8 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.
Көңілім менің қараңғы. Кө-ңі-лім ме-нің // қа-раң-ғы. // Бол, бол, а-қын! 12 а
Ал-тын-ды // дом-бы-раң-мен // кел-ші жа-қын. 11 а
І-шек бой-лап // он сау-сақ // жор-ға-ла-са, 11 б
Бе-йіс-тің // ү-ні шы-ғар // қо-ңыр сал-қын. 11 а
Е-гер со-рым // тү-бі-мен // ә-кет-пе-се, 11 а
Ке-рек қой // кө-ңіл-ді ү-міт // те-бі-рент-се. 12 а
Қа-тып қал-ған // кө-зім-де // бір там-шы жас 11 б
Тө-гіл-мей ме, // бой жы-лып, // ол да е-рі-се?! 12 а
2 шумақ, 8 тармақ, 2 бунақ, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
V Үйге тапсырма: Өлеңдерді жаттау, құрылысына қарай талдау.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді: