Сабақты аяқтау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Тексерілді:
Күні: 12.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: ілім, білімнің адам өміріндегі маңызын жеткізу, білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, ақынның жыр жинақтары.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі
«Интернатта оқып жүр...» – Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 77 жол. Негізгі тақырыбы – қазақ балаларының азаматтық білім беретін мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы. ХІХ ғасырдың 80 жылдарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде жүргізу мақсатымен әкімшілік орталықтарында әртүрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептері ашылып, олардың жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократиялық көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген. Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы, ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынан жалған беделге ие болуды ғана арман етеді. Сол себептен де ақын: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой» деп, жас ұрпақтың үлкен адамгершілік мұраттарынан, рухани қазынадан қағыс қалатынына қынжылады. Өлеңнің 2-шумағында автор өзінің ағартушылық бағдарламасының негізгі тұғырларын өз тарапынан жастарға тікелей арнаған үндеу сөздерімен жеткізеді: Бас пайдаңды ойлама, ар-абыройды ойла; талмай талаптанып, ғылым ізде. Әскери қызмет қылып, шен алуды мақсат етпе, әкімшілік орындарына да қызмет істеп жағынба. Алыс та болса, асыл мақсаттарды көздеп, өмірден іргелі орын алуға ұмтыл. Соның барлығында да тура жолдан тайма, адалдықтан айныма. Ақынның жас ұрпақты оқыту женіндегі талаптары осындай. Кейбір деректерге қарағанда, Абай бұл өлеңді өз балалары – Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды Семейге апарып, оқуға бергеннен кейін жазса керек. Демек, жаңағы ойлардың бәрі ақынның өмір көріністерінен алған тікелей әсерінен туған. Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туындыда аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында өлеңнің 29-жолы «Я қазақтың баласы» деп келтірілсе, басылымдарда бұл жол 1909 жылғы жинақ бойынша «Я қазақтың аласы» ретінде алынған. Өлең белорус, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |