Д) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы жоқ».
19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С) Он алтыншы; Д) Он жетінші; Е) Жиырма тоғызыншы.
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С) 1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия; В) Метафора; С) Эпитет; Д) Теңеу; Е) Ассонанс.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан; В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан; Д) 1908ж. Петербург; Е) 1909ж. Петербург.
23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4; Е) 5.
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;
В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;
С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;
Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»;
Е) «Қалауын тапса, қар жанар».
25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;
Д) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»;
Е) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
ІІІ Сабақты бағалау: тест тапсырмалары тексеріліп бағаланады.
ІV Үйге тапсырма: Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест құрау.
Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің
мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп
оқуға төселдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |