VІ. Түсінік тексеру:
*Сұрақ - жауап
Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?
Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған?
Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Өздік жұмыс:
Өздерің көрген, шомылған өзенді өз сөздеріңмен әңгімелеу және олардың адамның қандай игілігіне жарап жатқанын жазу.
Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазу.
*Сөздік жұмысын жүргізу:
Өксіген – шөлдеген мағынасында.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс.
Жанабында – жанында, маңында.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |