Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсаринның «Дүние қалай етсең табылады? » өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармалар
топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тіл, экология, еңбек..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |