Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет14/147
Дата24.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#26321
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Кіріспе. дебиет нерді бір саласы Саба ты

Топтастыру стратегиясы:
жанашыр

адал
қайырымды мейірімді

айлалы кішіпейіл

V. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

1. Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама беру.



VІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік



1.Пән аты: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: оқушыны қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушының логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушымен сәлемдесу.

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ер Төстік ертегісі туралы сұрау



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Аяз би»ертегісі.Бұл ертегіні үйден өзің жақсылап алдын ала оқуға тапсырғам.

Тарихи аңыздарға қарағанда ,Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген.Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған «Аяз»қаласының орны да дәлелдейді.Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір,кейін өзі хан болып ел басқарған.

Жоспар:

1.Құстың,адамның, шөптің жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.

2.Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.

3.Жаманды ханның уәзір етіп алуы.

4.Меңдінің жаманды таңдауы.

5.Жаманның сертке берік болуы.

6.Қырық уәзірдің ханды жаманмен араздастыруы.

7.Жаманның барса келмеске сапары.

8.Ханның өтірігіне жаманның жауабы.

9.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің жаманға баруы.

10.Ханның жаманды сағынып іздеуі.

11.Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы.

12.Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы.

13.Хан тағына отырған жаман.



Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың ішінен мақал-мәтелдерді табу

1.Баймын деп аспа,ханмын деп таспа.

2.Адам тілі тас жарар,тас жармаса бас жарар.

3.Аға –өлсе,іні-мұра.

4.Біреуге ор қазба,өзің түсерсің.

5.Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет