Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№10тапсырма:
Мұғалімнің көмегімен қиямет, мұсылман, мүрт, пір, жамағат, дәруіш, дұға сөздерінің мағынасын анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар.Аталған сөздердің бүгінгі күні қолданысына зер салыңдар
|
Мұғалімнің көмегімен қиямет, мұсылман, мүрт, пір, жамағат, дәруіш, дұға сөздерінің мағынасын анықтап, дәптерлеріне жазады
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
Аталған сөздердің бүгінгі күні қолданылатыны жайлы айтады
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№11 -тапсырма:
Мәтінді тыңдаңдар.Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындаңдар.
1.Өлеңді тыңдай отырып, өз түсінгендеріңді өмір құбылыстарын байланыстыра түйіндеп жазыңдар.
2.Тыңдаған өлең жолдарынан тұрақты сөз тіркесін және антоним болатын тұрақты сөз тіркесін табыңдар.
1мәтін -15мин
2мәтін- 25мин
|
1.Өлеңді тыңдай отырып, өз түсінгендерін өмір құбылыстарын байланыстыра түйіндеп жазады
2.Тыңдаған өлең жолдарынан тұрақты сөз тіркесін және антоним болатын тұрақты сөз тіркесін табады
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Аталған сөздердің бүгінгі күні қолданылатыны жайлы айтады
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№8–тапсырма (а)
Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, өз ойларыңды келер ұрпаққа жол салатын, ақыл – өнеге беретін қарасөз түрінде жазыңдар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде липасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ
Бұл недеген замана болды достар?
|
Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, өз ойларын келер ұрпаққа жол салатын, ақыл – өнеге беретін қарасөз түрінде жазады.
|
|