Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


ІІ.Асыл сөздің жалғасын тап



бет20/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
ІІ.Асыл сөздің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)
Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)
Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Бекіту.
Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:
1.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..
2.Жаман дос – көлеңке:
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
3. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
4. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
5. Баяғы жартас - бір жартас
6. Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл
7. Ойын – арзан, күлкі қымбат

Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар


Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 08.12.2017 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет