Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Пәні: Абайтану Сыныбы: 11 Күні: 17.11.2017 ж



бет17/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Пәні: Абайтану Сыныбы: 11 Күні: 17.11.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы оқушы бойына сіңіру;
Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту; Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Жаңа сабақ

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусының қандырған кім?

Өзіне - өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.

Бүгінде ақын арманы орындалды

«Қажымас дос халықта жоқ...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Туындыда ақын биік адамгершілік талабының деңгейінен адалдықты, әділдікті, қайырымдылықты, дос пейілділікті жақтайды, өзімшілдікті, опасыздықты, өсек-өтірікті, қулық- сұмдықты сынға алады. Өлеңнен ақынның өз заманындағы қоғам тіршілігіне араласа жүріп, көңіліне қаяу түсірген келеңсіз жәйттерден түңіле мұңайған көңіл күйі сезіледі. Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен өрнектелген. Ойлы, орамды тілмен орайын келтіріп айтқан ұтқыр да ұшқыр жыр жолдары мақал-мәтел, нақыл сөз іспетті көңілге қонымды. Туындының түпнұсқасы 1905 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбасында бар:
«Бұйда тақ та мұрныңа,
Бер деседі қолыма.
Жарасар ма өзіңе
Иттің ерсең соңына», - деген 3-шумақ пен:

«Жақсы досың бар болып,
Жанды аяған жарамас.
Оңбаған дос жар болып,
Ұятыңа қарамас»,

- деген соңғы шумақ барлық басылымдарға енгізілмеген. Сондай-ақ жинақтарға 6-шумақтың алғашқы жолы 1909 жылғы басылым негізінде: «Сыйласарлық тектінің» болып алынған. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Сақтасарлық жақсының» делініп жазылған. Өлең қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]
Өлең мазмұнымен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет