Пәні: Абайтану Сыныбы:11 Күні: 19.01.2018 ж. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі Сабақтың мақсаты: Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Сабақ түрі: Жаңа бағдарлама бойыша топтық жұмыс Әдіс - тәсілі: «Кең ауқымды дәріс», «Миға шабуыл», «Алты телпек», «Түртіп алу». Пәнаралық байланыс: ән – күй, бейнелеу. Құрал – жабдықтар: Маркер, стикер, А3, смайликтер, 6 телпек, интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі, бағалау бетшесі; Сабақ барысы׃1. Ұйымдастыру кезеңі. - Қызығушылықты ояту. Білу Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған. (экранға назар аударайық - Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол ) «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»өлеңі — ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді.
Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не? - Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. - Лириканың неше түрі бар, қане, бірге кім атап көрейікші.
Лирика бес түрге бөлінеді. 1. Табиғат лирикасы 2. Махаббат лирикасы 3. Философиялық лирика 4. Саяси лирика 5. Көңіл – күй лирикасы Енді оқушылар сонымен бүгінгі тақырып лириканың қай түріне жатады екен? - Махаббат лирикасына жатады.